Ауған елшісі: Панджшерде бейбіт тұрғындарды жаппай көмген бірнеше жер анықталды

Dalanews 12 окт. 2021 05:38 736

Ауғанстанның Тәжікстандағы елшісі Мухаммад Захир Агбар Панжшер аумағында 400-ден астам адамның сүйегі көмілген бірнеше жер анықталғанын мәлімдеді.

"Кеше жерлестерімнің бірі тәліптер сотсыз және тергеусіз 400-ден астам адамды атып тастағанын хабарлады. Мен туып-өскен ауылда содырлар 13 ер азаматты өлтіріп, шұңқырға көміп тастаған. Олардың ешқайсында қару болған емес. Бәрі диқандар еді", - дейді дипломат.

Ол журналистерге бірнеше суретті көрсетіп, бұл Ауғанстанды басып алған "Талибан" қозғалысының әскери қылмыстарын дәлелдейді деді.

Тәжік депутаты Саиджафар Усмонзода барлық материалдарды БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдарға жіберуді ұсынды.

8 қазанда "Талибан" қозғалысының Панжшер аймағындағы ресми өкілі Мавлави Ого Мир адамдар жаппай көмілген жер табылғанын, онда Ауғанстанның ұлттық қарсылық майданының үш жауынгерінің денесі болғанын мәлімдеген.

Қыркүйек айының басында "Талибан" қозғалысы Ауғанстанның ұлттық қарсылық майданы қорғап жатқан Панжшер қаласын өз бақылауына алғанын мәлімдеген.

Ауғанстанда бейбіт тұрғындар сотсыз өлім жазасына тартылып жатқанын халықаралық ұйымдар да хабарлап жатыр.

https://dalanews.kz/ekonomika/68844-kiago-avtosherui-qazaqstandy-ashamyz

Рекомендовать
Последние новости