Атырауда ер адам 9 жастағы балаға шабуыл жасаған

Сағыныш Сардарова 24 сент. 2025 12:00

Атырауда ер адам 9 жастағы балаға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерде ер адамның ойнап жүрген балаларға жақындап, 9 жастағы баланы ұрғаны туралы видео тарады. Оқиға Атыраудағы Алмагүл шағынауданында болған.

Куәгерлердің айтуынша, ол еш себепсіз балаға қол көтеріп, кейін қашып кеткен.

Атырау облыстық Полиция департаменті бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Қазір бейнебақылау камераларының жазбалары тексеріліп, куәгерлерден жауап алынып жатыр. 9 жастағы жасөспірім жеңіл жарақат алған, оған психологиялық көмек көрсетіледі", – деді ПД өкілі.


Рекомендовать
Последние новости