"Ата-аналардың да қателігі бар": Белгілі актер ажырасу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 27 мар. 2024 17:54 2541

Белгілі актер Бақтияр Қожа қоғамда белең алған ажырасу мәселесіне байланысты алаңдаушылық танытты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өнер иесі  "Білім-Қазына" Youtube арнасына берген сұхбатында бұған себеп болатын бірнеше проблеманы атап өтті. Айтуынша, соңғы кезде баласын әйелінен қызғанатын енелер көбейген. Соның салдарынан отбасының ойраны шығып, жастар екі жаққа кетуде.

"Бұл ойды ресми статистика да қуаттайды. Сарапшылардың сөзінше, ажырасуға негізгі себеп  – 60 пайыз жағдайды туыстарының араласуынан болады екен. Ажырасудың тағы бір себебі – жастардың өзара   сөйлесе алмауы, бірін-бірі түсінбеуі. Қазіргі телефонға телмірген жастарда  бір-бірін тыңдау, ой бөлісу секілді дағдылар қалып барады. Қызғаныш, кешіре алмау, тәкаппарлық секілді факторлар да ажырасудың себебі болып жатыр. Мұнда дұрыс тәрбие бере алмаған ата-аналардың да қателігі бар", - дейді Бақтияр Қожа.  

Сонымен қатар актер күні кеше жарыққа шыққан статистиканы да негізге алды. 

"Ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстан ажырасу саны бойынша әлемде екінші орында тұр. Демек, отбасын құрған әрбір үшінші, тіпті екінші некенің соңы сәтсіз аяқталып жатыр. Сарапшылар елдегі ажырасудың негізгі себептері жас отбасының ісіне туыстарының араласуы (61%), моральдық шектеулердің болмауы (41%), оңай ажырасу процесі (25%)", - деп атап өтті ол.


Рекомендовать
Последние новости