Мәскеудегі лаңкестік шабуыл бойынша жаңа деректер пайда болды

Қаракөз Амантай 24 мар. 2024 14:43 5674

Мәскеудегі “Крокус Сити Холлдағы” лаңкестік салдарынан қаза тапқан адамдар мен жараланғандар саны артып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу облысы бойынша штаб-пәтерінің жаңартылған мәліметтері бойынша “Крокус сити холлдағы” теракт салдарынан зардап шеккендер саны 152-ге жетті”, - деп жазды ТАСС.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 147 адам зардап шеккенін хабарлаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнде жұмысқа ауыр техникалар қосылды.

Еске салайық, 22 наурызда Мәскеу мен Мәскеу облысындағы ең үлкен концерт залдарының бірі Крокус Сити Холлда бір топ ер адам автоматтан оқ жаудырып, кейін өрт шыққан. Салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны 143-ке жетті.

Ресейде 24 наурыз Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды.


Рекомендовать
Последние новости