Астанада инвестиция тартуға жол көрсететін Aqmola Invest орталығы ашылды

Dalanews 10 июл. 2024 18:15 3911

Орталық кәсіпкерлерге жоба идеясынан бастап, іске асырылғанға дейін кешенді қолдау жасайды.

Қазіргі таңда Орталық алаңында пилот режимінде 23 кездесу өткізілді. Оның ішінде 13-іне шетелдіктер қатысты. Салтанатты ашылуына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева,Kazakh Invest ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев,KAZENERGY бас директоры Әлібек Қуантыров, Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона, сондай-ақ, Мажарстан мен Қытай компанияларының өкілдері қатысты. 

"Ақмола облысының экономикалық әлеуетін көтеруге AQMOLA INVEST-тің ашылуы маңызды қадам болып отыр. Инвесторлармен жұмыс пен мемлекеттік қызметтерді алу "бір терезе" принципі бойынша іске асырылады. Бұл болса аймақтың инвестициялық имиджін әрмен қарай жақсы қалыптастыруға көмектеседі" дейді облыс әкімі Марат Ахметжанов. 

Сонымен бірге Орталық алаңында бірлесіп жұмыс істеп, инвестициялық жобаларды іске асыруға жалпы сомасы 76 млрд теңге болатын бірқатар келісімге қол қойылды. Мысалы венгриялық Globalia LTD компаниясы Аршалы ауданында көміртекті егіншілік негізінде ауыл шаруашылығы технологиялық паркін құруға ниет білдіріп отыр. Ақмола облысында ҚТҚ өңдеу зауыттарының құрылысына қытайлық Beijing Ruiheyuan Construction Engineering Co.Ltd. компаниясы инвестиция салатын болды.

Осы инвестициялық жобалар іске асырылса, қосымша жұмыс орындары ашылып, облыс бюджеті айтарлықтай толығады. Сондай-ақ, Аршалы ауданында Республикалық маңызы бар Aqmola индустриялық аймағы құрылды, ол алда озық өндірістік алаңға айналады. ZhasTol-Stroy кәсіпорны автоклавты газдалған бетон шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы Ақмола облысының әкімдігімен орнықты даму саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.


Рекомендовать
Последние новости