Астанада мүгедектігі бар жандар жеке сот орындаушылардың кесірінен жәрдемақысыз қалды

Dalanews 18 янв. 2024 06:46 1130

Астанада жеке сот орындаушылары мүмкіндігі шектеулі жандарды жәрдемақыдан айырып, есепшоттарын заңсыз бұғаттап тастаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушыларымен мүгедек ретінде әлеуметтік жәрдемақы алушы 27 борышкердің банк шоттарына тыйым салынғанын анықтады.

Қазақстан Республикасының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға жол берілмейді.

"Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттарынан тыйым салуды алып тастау қамтамасыз етіліп, 27 тұлғаның 1,2 млн теңге қаражатқа қол жеткізуіне мүмкіндік берілді", - деп жазды бақылаушы органнан.


Қазіргі уақытта қала прокуратурасы уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда.

Рекомендовать
Последние новости