Астанада бухгалтер компанияның қыруар қаржысын казиноға тігіп жіберген

Сағыныш Сардарова 13 февр. 2024 16:47 2391

Елордада бухгалтер жұмыс берушісінің 380 миллион теңгеден аса ақшасын казиноға тігіп жіберген, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Соттың үкімімен Астана тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Кінәлі әйел ЖШС-ның бухгалтері бола отырып, мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестициялар салу туралы айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн. теңгеден аса қаражатын иемденген. Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған", - деп жазылған Астана қаласының прокуратурасы мәліметінде.

Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

 


Рекомендовать
Последние новости