Мен бұған дейін АШМ 2 айы бойы, желтоқсанның соңынан бері АСБ (ИСЖ) (ауылшаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасы) космомониторинг жүйесі үшін ашпай отырғанын жазғанмын.
Соның кесірінен екі ай бойы президент Тоқаевтың жайылым жерлерге қатысты тапсырмасы орындалмай отыр. Мен мұны министр Сапархан Омаров тарапынан мемлекет басшысының бастамасына кедергі келтіру деп санаймын. Халықтың қаншама уақыт сол бір «екі сиыр» ұстау үшін жайылым жерлердің босауын күтіп отырғанын айтпағанда.
Енді келіп ауылшаруашылығы министрлігі электронды картограммалардың ақпараттық жүйесіне жердің агрохимиялық жағдайы туралы мәліметтерді теркеуді 2 жылға шегеруді ұсынып отыр.
https://agroinfo.kz/minselxoz-predlagaet-priostanovit.../...
Бұл міндеттеме ОСЫҒАН ДЕЙІН ДЕ 2 жылға, 2019 жылдан 2021 жылға шегерілгенін айта кету керек. Міне тағы шегеріп отыр.
https://kazakh-zerno.net/149732-mskh-kazakhstana.../...
Бұл фермерлерден уақытша пайдалануға, яғни арендаға алған біздің жерді қалай пайдаланып жатқаны туралы автоматты электронды режимде есеп беру міндеттемесін және оны қадағалау мүмкіндігін жоққа шығарады.
Жерді фермерлер агрохимияны қалай қолданып жатыр, оның тынығуына мүмкіндік бере ме? Жерді бірдақылды тәжірибемен, тыңайтпаумен тоздырып жатқан жоқ па, тұқым ауыстыра ма? Былайша айтқанда, АШМ фермерлерді осы міндеттемелердің барлығынан босатып отыр.
Жердің нақты бір учаскесінің агрохимиялық жағдайының талдауын ашық, міндетті және жария ету – адам анализі сияқты – жерді күтіп ұстау мен оған қамқорлықтың өзегі. Өйткені бір фермер бір жерді біраз жыл пайдаланып, кейін өткізіп кетеді, ал жер келесі буынға қалады. Сондықтан біз фермер жерді дұрыс пайдаланып жатқанын бақылап отыруымыз керек.
Соңғы жылдардағы жерді «керемет» басқару салдарынан жер сапасы төмендеп, жердің тақырлануы, а/ш жерлерінде бонитет балының төмендеуі жүріп жатқаны жасырын емес. Мұның барлығы осындай шешімдер салдарынан бақылаудың төмендеуінен болып отыр.
АШМ жер қатынастарындағы ашықтыққа саботаж жасап отырғаны айдан анық. Космомониторингке кедергі жасады, енді қоғам назарынан жердің сапалық жағдайын жасырмақ. Бұл жерде мүдделер қақтығысы анық көрініп отыр. АШМ фермерлерге субсидия береді (әрине, ешқанда «откатсыз»), сөйтіп отырып фермерлердің жерге қатысты жұмысын тиісті деңгейде бақылай алмайды.
Бізге Жер қатынастарын басқару жөніндегі тікелей президентке бағынатын, фермерлермен ақшаға қатысты қатынасы жоқ жеке Агенттік керек. Жер – мемлекеттің негізі, мұнда толық тәртіп пен ашықтық болуы керек.
P.S. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі де осы нақты мәселеге назар аударады деп үміттенемін.
Мұхтар Тайжанның жазбасы