Арыс қаласының атымтай жомарты марапатталды

Dalanews 10 дек. 2018 07:52 859

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы халықты рухани жаң-ғыруға жетелеп, рухын көтеріп, еліне деген патриоттық сезімін арттырған құнды құжатта аталып өткен маңызды бастамалар бүгінде нәтижелі жүзеге асырылып келеді.

Әр өңірдің әлеуметтік, қоғамдық мәселелерін шешуде мақалының «Атамекен» кіші бағдарламасының «Жомарт жүрек» бағыты бойынша игі істер атқарылып келеді.

Аталған бағытта туған жерінде ірі әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайырымдылық жасап жүрген қаламыздың жеке кәсіпкері, Арыс қаласы мәслихаттың депутаты Мырзаев Мұхтархан Арынұлы Түркістан облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолынан «Туған өлке» номинациясымен және дипломмен марапатталды.

Жомарт жанның бастамасымен Қожатоғай ауылдық округінде құны 50,0 млн. теңге тұратын 25 орындық «Көксарай» шипажай ашылып, ел игілігіне жұмыс атқаруда.

Азаматтық ұстанымы белсенді, түрлі бағытта кең ауқымды қайырымдылық жасап жүрген Мұхтархан Арынұлын марапатымен құттықтап, мықты денсаулық, отбасылық бақыт, алдағы уақытта да өнегелі іс жасап, игі¬лікті мұра қалдыра беруіне тілектестік білдіреміз.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости