Арыста үйлестіру кеңесінің жиыны өтті

Dalanews 10 дек. 2018 07:56 769

Бүгін Арыс қаласы әкімдігінде Арыс қаласы әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңестің жиыны өтті.

Жиынға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, дербес бөлім басшылары мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты.

Жиынды қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев ашып, жүргізіп отырды.

Халық денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңестің отырысында Арыс қалалық Білім бөлімінің басшысы Ә.Мұсаевтың Арыс қаласында мектеп оқушылары арасындағы профилактикалық және сауықтыру іс-шаралары туралы, орта білім беру және арнайы орта білім беру мекемелерінде дұрыс тамақтануды қолға алу бойынша және Арыс аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Л.Исаевтың мектеп медицинасын денсаулық сақтау жүйесінде одан ары дамыту бойынша және медицина ұйымдарында денсаулық мектептерінің жұмысын күшейту туралы баяндамалары тыңдалып, талқыланды.

Жиын барысында үйлестіру кеңесі мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды. Алдағы уақытта қала тұрғындарының денсаулығын нығайту бағытындағы жұмыстар үздіксіз жалғаса беретіні айтылды

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости