"Әр емделушінің пікірі қымбат"

Dalanews 29 авг. 2015 00:22 1156

Соңғы жылдары жекеменшік медицина орталықтары көбейді. Мемлекеттік ауруханаларға қарағанда, соларға баратын халықтың саны басым. Айталық, Алматыдағы «Сұңқар» медициналық орталығына қашан барсаң да, ығы-жығы халық. «Мұның себебі неде?» деген сұрақ төңірегінде журналистік зерттеу жүргізу кезінде «Сұңқардың» жұмыс істеу тәсілі, емделушілерге қызмет көрсетуі, техникалық базасының осы заманға сай әрі бағасының да өзге емдеу мекемелеріне қарағанда тиімділігін байқадық. «Сұңқардың» Бас дәрігері Толқын Мұқамбеваға жолығып, көкейіміздегі сұрақтарды қойған едік.

 Толқын МҰҚАМБАЕВА,

«Сұңқар» медициналық орталығының Бас дәрігері

– Қазір халықтың көп бөлігі жекеменшік емдеу орталықтарына қаралуды құп көреді. Кейбір ауру жандарды мемлекеттік ауруханалардың өзі тексерілуден өту үшін жекеменшік емдеу орталықтарына жіберіп жатады. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?

– Бұл емделушілерге ұсынар қызметтің сапалығына байланысты. Біріншіден, жекеменшік медицина орталықтары ақылы қызмет көрсеткендіктен, бар жауапкершілікті өз мойындарына алады. Науқастың уақыттан ұтылмауына, диагнозының ерте анықталып, тезірек емделуіне жол нұсқайды.Әрине, барлық жекеменшік емдеу орталықтары бірдей емес. Бірінің мамандары тапшы болса, тағы бірінің техникалық базасы жеткіліксіз болып жатады. Қарапайым халық үшін медицинаның тегін болғаны тиімді. Мемлекет медицина саласына қыруар қаржы бөліп келеді. Әрбір қазақстандықтың тегін ем алуға құқы бар болғанымен, дер уақытында емделулеріне көптеген кедергілер бар...

– Жекеменшік медицина орталықтарының көбеюі өзара бәсекелестікті арттырды ма?

– Қай салада болса да, бәсекестік болғаны дұрыс. Сонда ғана сапалы қызмет көрсету қалыптасады. Медицинадағы жаңа құрылғылар, тексеру аппараттары, білікті мамандар шоғырланған орталықтардың өз бәсекелестерінен бағы үстем болары анық.

[caption id="attachment_11557" align="alignright" width="444"]-oeDgkW-_oo "Сұңқар" медицина орталығынан түсірілген сурет[/caption]

– Бәсекелестіктің артуы емдеу бағасының арзандауына әсер ете ме?

– Әрине, өзіндік әсері болады. «Сұңқар» орталығының басшылығы және дәрігерлер құрамы маусым сайын арнайы мониторинг жүргізіп отырады. Біздің орталық халықтың орта және төменгі тобына қызмет көрсететіндіктен, бағаның тиімділігіне көңіл аударады. Өзге орталықтардың бағасынан сәл де болса арзанырақ екенін бізге келетіндердің көптігінен де аңғаруға болатын шығар. УЗИ, КТ, МРТ секілді аса қажетті құрылғылардан тексеруден өту шамалы болса да арзан екенін бәрі айтып жатады. Дегенмен, баға үнемі бірқалыпта болмайды. Экономикалық өзгерістер, әлеуметтік салалардағы бағаның өсімі, девальвация бағаны барынша арзандатуға мүмкіндік бермейтіні түсінікті.
Бұның бір себебі, қазір мықты мамандардың басым бөлігі жекеменшік емханаларда қызмет етеді. Себебі, мұндағы айлық мөлшері мемлекеттік емханалардан екі-үш есе жоғары. Біз қай ауруханада қандай білікті дәрігер бар екенін естіген соң, оларды өз орталығымызға жұмысқа шақырамыз. Оған өзінің жалпы кірісінен жоғары айлық төлейтінімізді айтамыз. Мемлекеттік емханадағы тұрақты алатын жалақысы мен сырттай науқастардың «рахмет айтуынан» түсетін кірісін қосқанда қанша табады, біз нақтылы біліп, одан жоғары жалақы беретінімізді айтамыз. Нарық заманында кімде болса қолайлы ұсыныстан бас тартпайды.

– Білікті мамандарды табу қиын емес пе?

– Бағана бір сөзіңізде мемлекеттік ауруханалардағы мамандар ауру адамдардың диагнозын білу үшін жекеменшік емханалардан тексерілуден өтуге жіберетіндігін айтып қалдыңыз. Бұның бір себебі, қазір мықты мамандардың басым бөлігі жекеменшік емханаларда қызмет етеді. Себебі, мұндағы айлық мөлшері мемлекеттік емханалардан екі-үш есе жоғары. Біз қай ауруханада қандай білікті дәрігер бар екенін естіген соң, оларды өз орталығымызға жұмысқа шақырамыз. Оған өзінің жалпы кірісінен жоғары айлық төлейтінімізді айтамыз. Мемлекеттік емханадағы тұрақты алатын жалақысы мен сырттай науқастардың «рахмет айтуынан» түсетін кірісін қосқанда қанша табады, біз нақтылы біліп, одан жоғары жалақы беретінімізді айтамыз. Нарық заманында кімде болса қолайлы ұсыныстан бас тартпайды. «Сұңқарда» барлық құрылғылар жаңарған, жаңа компьютерлік бағдарламалармен жабдықталған, отыратын кабинеті де өзгеше. Мұнда айлық уақытты төленеді әрі қанша еңбек етті, соған сай жалақы алады. Қысқасы, уайымсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Емделушілер маған  рахмет айтып, бірдеңе берер ме екен деген ой қиялдарына кіріп-шықпайды.

– Халықтың көп бөлігі дәрігерлерге ақша бермесең, дұрыс қарамайды деп ойлайды. Мемлекеттік емханаларда емделушілер дәрігерлерге «рахмет» айтып, жақсы көңіл бөлуін өтінеді. Сіздердің орталыққа келіп емделетіндерде мұндай үрдіс жоқ шығар?

– Мен «Сұңқар» орталығының бір бөлімшесінің Бас дәрігері ретінде, науқастардың тезірек емделіп шығуына қатты көңіл бөлемін. Емделуге келгендерді ертіп жүріп, дәрігерлерден ол кісілерге көңіл бөлуін сұраймын. Сондай сәттерде кейбір науқас кісілер маған рахметін жаудырып, ақша ұсынып жатады. Мұндай жағдай көп кезігетінін несін жасырайын. Мен ол кісілерге мән-жайды түсіндіріп, біздің жекеменшік орталық екенімізді, ем іздегендерге ақылы түрде қызмет көрсететінімізді айтып, олардың біздің сапалы көмек көрсетуімізге ақы төлеп қойғандарын түсіндіремін. Біздің дәрігерлер науқастарға қызмет көрсеткені және қаншалықты өнімді жұмыс істегеніне қарай, пайыздық есеппен айлық алады. Оларға өздерінің айлықтары да жеткілікті.

– Орталықта емделушілерге қандай жеңілдіктер қарастырылған?  

– Бізге үнемі келіп емделетіндер арнайы жеңілдік карточкаларын пайдалана алады. Алматыдағы алты бөлімшенің қай-қайсысына келсе де, өзара компьютерлік жүйе арқылы аты-жөндері сақталып, келер жолы келгенде белгілі мөлшерде арзан тексеруден өтеді. Бұдан бөлек, зейнеткерлерге, мүгедектер мен көп балалы жандарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мүшелеріне мамандармен ақылдаса отырып, жеңілдіктер жасаймыз. Бас дәрігердің 20 пайыз мөлшерде арзандатуға мүмкіндігі бар, одан бөлек, басшылық 20 пайыз жеңілдік береді. Кейде алыс аудандардан келген, жағдайы шынымен де төмен кісілерге осы жеңілдіктерді береміз. Кеңес беретін дәрігерлерге кіріп, ақысыз қызмет көрсетуін өтінеміз. Мұндай ұсыныстан бас тартқан бірде-бір дәрігерді көргем жоқ. Халықтың жағдайы бәріне түсінікті ғой. Мұнан сырт, қант диабетіжәне бүйрек ауруымен ауыратын науқастарға жыл сайын бірнеше күн ашық есік күнін өткіземіз. Аурудың бұл түрлері ел арасында кең тарағанын есепке ала отырып, осы қадамға барып отырмыз. Оларды тегін тексеруден өткізіп, қалай емделу керектігін, қандай дәрі-дәрмек қолдануға болатынын айтамыз. Юұл ауруға жаңадан шалдыққандар болса, тезірек жазылуына септесеміз. Ауруы асқынғандар болса, тағы қандай тексерулерден өтуге тиістігін ескертеміз.

– Егер Сізді басқа емдеу орталықтары жақсы ұсыныспен шақырса, барар ма едіңіз? 

– Бірнеше мәрте ондай ұсыныстардың болғанын несін жасырайын. Тіпті осындағы айлығымнан жоғары жалақы ұсынғандар да болды. Мен бәрінен бас тарттым. Әуелі, адамда нысап болуы керек. Содан кейін бірін бірі сыйлайтын, әркім өз жауапкершілігін білетін ұжым болғаны жөн. Біздің ұжымның береке-бірлігі, басшылықтың адамгершілігі мен шынайылығы мұнда қызмет ететіндер үшін басты табыс деп ойлаймын. «Сұңқардың» Алматы қаласында 6 бөлімшесі бар. Осы бөлімшелерде 700-ге жуық адам қызмет көрсетеді. Олар өз жұмыстарынан айырылып қалмау үшін ұмтылады. Осынша көп адамды жұмыспен қамтып отырған ұйым қай жағынан алсақ та өзгелерден оқ бойы озық. Күн сайын, ай сайын, жыл сайын жаңа жоспарлар құрып, оны жүзеге асырғанша асығамыз.

Сондай-ақ, бізде бәрі заң шеңберінде жұмыс атқарады. Қанша айлық алсаң да, толықтай көрсетіліп, зейнетақы қоры мен тиісті салықтар төленеді. Басқа жердің көбінде айлығыңды аз көрсетіп, үстемеақыны жасырын касса арқылы береді. Маған ондай заңсыздықтар ұнамайды.

– Дәрігерлік кеңес беру көп жерде 5-7 мың теңге мөлшерінде екен. Кейбір орталықтарда дәрігерлердің ғылыми дәрежесіне қарай әртүрлі баға қойылады. Профессорлардан кеңес алу қатардағы дәрігерлерге қарағанда қымбатырақ. Сіздерде бұл жағы қалай шешілген?

– Бізде ондай ала-құлалық жоқ, дәрігерлердің алғашқы кеңесі3000 теңге, қайталай кеңес беру 2500 теңге. Бұл баға дәрігерлердің атақ-дәрежесіне қатыссыз, бәріне ортақ.

– Дәрігерлерге қандай талаптар қоясыз?

– Алдарына келген әрбір кісімен жылы сөйлесуін, дауыс көтеріп сөйлемеуін, кішпейіл болуын талап етемін. Емделушілер бізге қандай зәру болса, біздің де оларға мұқтаж екенімізді түсіндіремін. Жалған диагноз қоюға болмайтынын, әр адам – жеке тұлға екенін, емделушінің жағдайына қарай отырып, тиісті ем-шара бекітуді ұмытпауын, басы артық шығынға жол бермеуін ескертіп отырамыз. Орталық туралы әр емделушінің жылы пікір айтуына ықпал жасау басты ұстанымымыз. Ем іздегендердің көңілінен шыға алсақ, еңбегіміздің еш кетпегені.

Әңгімелескен Т. ТАҢЖАРЫҚ.


 

Рекомендовать
Последние новости