Ақтау маңындағы ұшақ апаты: 28 адам аман қалды

Қаракөз Амантай 25 дек. 2024 14:07 469

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалғандар саны 28 адамға жетті. Зардап шеккендер әртүрлі дәрежедегі медициналық мекемелерге жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Оларға облыстың ауруханаларында барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнына 23 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды. Бүгін Астанадан Ақтауға құрамында хирургтар, травматологтар бар мамандар бригадасымен санитариялық авиация борты ұшады", - делінген Денсаулық хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін ұшақта болған адамдардың тізімін жариялаған едік.

Еске салайық, бүгін, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ құлады. Осыған байланысты ТЖМ түсініктеме берген болатын. 

"Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті".

"Қазаэронавигация" ақпаратынша, Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтауда құспен соқтығысқан. 

Ал әзербайжандық БАҚ-тың хабарлауынша, бортта 67 адам мен 5 экипаж мүшесі болған.


Рекомендовать
Последние новости