Мәскеуде Мәсімовтің бұрынғы туыстарына қатысты сот аяқталды

Көркем Алдабергенова 24 дек. 2024 14:12 398

18 желтоқсанда Мәскеу қалалық соты Капенов А.А. мен Капенов М.А.-ға қатысты істі қарады. Олардың бастапқы әріптері ҰҚК-ның бұрынғы басшысының бұрынғы күйеу баласы Азамат Капенов пен оның ағасы Медер Капеновтің есімдерімен толық сәйкес келеді. Бұл іске қатысты құжаттарға шектеу қойылған, алайда белгілі болғандай, әңгіме мүлікке тыйым салу туралы болып отыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz Nege.kz-ке сілтеп.

Ресейде ағайындылар іздеуде жүр. Олар алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық істің фигуранттары: ҚР ҚК 159-бабының 4-бөлігі бойынша. Қылмыстық іс 2022 жылғы 23 желтоқсанда қозғалған. Толық мәлімет белгісіз, бірақ бұлтартпау шарасын таңдау кезінде Капеновтің адвокаты тағылған айыптың қылмыс белгілерін қамтымайтынын, себебі азаматтық-құқықтық қатынастардың келісімшарттық негізде екенін мәлімдеген.

«…Сонымен қатар, сот жәбірленуші Б* көрсеткен айғақтарға сеніңкіремеді. Ол да бюджет қаражатын жымқыруға байланысты халықаралық іздеуде жүр, ал айыптау куәгерлері Б*-ға толық тәуелді, олардың айғақтарын сенімді деп тануға болмайды», – деп көрсетілген 2024 жылғы 26 маусымдағы бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулыда адвокаттың ұстанымы.

«Б» деп «Бипэк Авто – Азия Авто» компаниялар тобының негізін қалаушы Анатолий Балушкин аталуы мүмкін деп болжауға болады. Оны 2021 жылы зауыт құрылысына бөлінген 230 млрд теңгені жымқыру күдігімен іздеуге жариялаған еді.

2024 жылғы тамызда «Бипэк Авто – Азия Авто» холдингінің заңгерлік тобы компаниялар тобы рейдерлік басып алуға ұшырағаны туралы мәлімдеме таратты. Бұл әрекетке Азамат Капеновтің қатысы бар екені айтылған.


Рекомендовать
Последние новости