Ақышев: "Қазақстанның сыртқы қарызы 150 миллиард доллардан асып жығылатыны өтірік"

Dalanews 23 июн. 2016 05:15 781

2015 жылдың аяғындағы дерекке сай Қазақстанның сыртқы қарызы 12,8 миллиард долларды құраған.

Бұлай деп Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

Ақышевтің айтуынша, сыртқы қарыздың мөлшері Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің 7 пайызын құрайды. "Бұл әлем бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі" дейді Ақышев.

Ақышев сонымен қатар еліміздің сыртқы қарыздарына қатысты мәлімет таратып жүрген кейбір ақпарат құралдарына да шүйлігіп өтті.

"Бірқатар ақпарат құралдарының Қазақстанның сыртқы қарызына қатысты келтірген мәліметтері шындыққа жанаспайды " деді Ұлттық банк төрағасы.

Айта кетсек, бұдан бұрын бірқатар қазақстандық ақпарат құралдары "жеке сектордың берешегін қоса алғандағы Қазақстанның сыртқы қарызы 150 миллиард доллардан асып жығылады" деген ақпар таратқан.

Ақышев сонымен қатар Қазақстандағы инфляцияға да тоқталып, оны мамыр айындағы көрсеткіші 0,5 пайыз құрағанын айтты. Бас банкирдің пікірінше қазіргі инфляция "ұзақжылғы трендке" сай келеді.

Ақышевтың айтуынша, Ұлттық банк биылғы жылғы инфляция көрсеткішін 6-8 пайыздың арасында болады деп болжап отыр.

Рекомендовать
Последние новости