Оңтүстікте шегірткенің қаптауына Ауыл шаруашылығы министрлігі кінәлі

Dalanews 23 июн. 2016 05:14 863




Оңтүстік Қазақстан облысында шегірткенің қаптауына Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты болжаушылар кінәлі.





Себебі мамандар мыңдаған гектар алқапты шегірткеге қарсы өңдеуге енгізбеген деп мәлім етті облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, деп хабарлайды Baq.kz.

Өңірдің ауылшаруашылығы саласында атқарылып жатқан шаруаларды сараптап шыққан облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, комиссияның алдын-ала растаған деректеріне сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты болжаушылар әзірге 40 мың гектарға қателескен деп отыр.

Болжам кезінде бұл алқапта зиянкестердің шығатыны мәлім болған. Айтуынша, Шардара, Сарыағаш, Арыста 5 мамырдан бастап шегіртке күшейе бастапты. Алайда, химиялық өңдеу жұмыстары мамыр айының 17-нен басталған. Кеш басталған өңдеу жұмыстарының сапасы да нашар.
«Шегірткемен күресу жұмыстарын жеңіп алған мердігер компанияның техникасы сай болмай шыққан. Дер кезінде қадағалау шаралары да жүргізілмеген. Бұл сапасыз тірліктің зардабын шаруалар тартты», - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ ол шығынға ұшыраған дихандарға көмек көрсетілетінін жеткізді.
«Қазір тізілім жасақталып жатыр. Бұл қолдау шаралары заңға сай деп табылмаса, шегірткеден зиян шеккендерге көмек қолын созудың басқа да жолдары қарастырылады», - деді С.Тұяқбаев.

Рекомендовать
Последние новости