Әнипа Назарбаеваның жасырын көмекшісі Ким Сергей деген кім?

Көркем Алдабергенова 07 февр. 2024 18:58 4141

Кейінгі кездері бұрындары экс-президенттің қарындасы Әнипа Назарбаеваға тиесілі болған "Кенжехан" базарының аты аталған кезде Сергей Ким атты адамның есімі де қатар айтылып жүр. ZhasAlash тілшісі Сергей Кимнің кім екенін анықтап көрген, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Саудагерлер Назарбаевадан ақшаларын қайтаруын талап етіп, Сергей Ким келіп қайтадан 5-7 миллионнан жинай бастағанын айтқан. Сергей Кимнің өзі Әнипа Назарбаеваның адамы деседі. Саудагерлердің сөзінше, Назарбаева Ким арқылы базарды да басқарып отырған көрінеді.  

Сергей Кимнің Әнипа Назарбаеваға қандай қатысы бар?  

Қазір базар ресми түрде Әнипа Назарбаеваға тиесілі емес. Бірақ ол 2015 жылдары әр саудагерден 12 мың доллардан алып отырған. Базардың негізін қалаған да Назарбаева. Екі жыл бұрын базарды "Митра" ЖШС сатып алған. Компания 2023 жылы 20 қыркүйекте қайта тіркеуден өткен. Бұған дейін иесі әрі директоры Елена Розенберг еді. Ал кейіннен оның басшысы Сергей Ким болған.

Былтыр 21 қыркүйектен бастап жаңа қожайын – Манушина Татьяна Алексеевна. Манушина Татьянаға қатысты мәлімет жоқ. Бірақ "Кенжехан" ісі бойынша белсенді, Сергей Киммен соттасып жүрген Елена Сәдуақасованың айтуынша, Манушина Татьяна Сергейдің екінші әйелі. Ол 2000 жылдары Кимнің казиносында жұмыс істеген.

"Қазір базар бәрібір Кимнің қолында. Тасадан басқарады. Олардың артында Әнипа Назарбаева тұр. Бұл мәліметтерді мен Киммен екі жыл күрес кезінде анықтадым", – дейді Елена.

Қысқаша айтқанда, Әнипа Назарбаеваның да, Елена Розенбергтің де, Сергей Кимнің де құжат бойынша бұл кәсіпорынға қатысы жоқ. Компания директоры - Ахметов Жасұлан Ерланұлы. Құрылтайшысы – Манушина Александра Викторовна. Ал Манушина Александра Викторовна деген қазіргі базар басшысы Манушина Татьянаның шешесі деген мәлімет бар. Тегіне қарасаңыз, бұл мәліметтің тегін емесін байқайсыз.

Жалпы, Сергей Кимнің басы дауға қалып тұрғаны бір бұл жағдай емес екен. Бұған дейін оның "АлбаСтройДор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты жанжалы БАҚ беттерінде жазылған. "АлбаСтройДор" құрылтайшысы Денис Лисицын мен Plutos Group құрылтайшысы Виталий Шаров Сергей Кимнен жапа шегіп жүргенін айтып, президент Тоқаевқа үндеу жолдаған. 


Рекомендовать
Последние новости