Өзін адал шенеунік ретінде көрсеткен сияқты - саяси сарапшы Бектенов туралы

Қаракөз Амантай 06 февр. 2024 15:58 3397

Саяси сарапшы Ғазиз Әбішев ҚР Премьер-министрі қызметіне Олжас Бектеновтің келуіне байланысты өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Олжас Бектеновтің бұл қызметке қандай себеппен тағайындалғанын нақты айту қиын. Бұл - Президенттің жеке пікірі. Мүмкін ол өзін Ескі Қазақстанға және жемқорлыққа қатысы жоқ, қала берді бұйрықты орындай алатын әрі шешім қабылдауды білетін адал шенеунік ретінде көрсеткен болар”, - деп түсіндірді саясаттанушы.

Оның пікірінше, Бектеновтің ендігі міндеті бюджет пен квазимемлекеттік секторлардағы капиталды қайтаруға және қаржы экономикасын түзетуге бағытталады.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын мақұлдаған болатын.


Рекомендовать
Последние новости