Алматыдағы лай көшкінінде 17 жастағы бала өлі табылды

Көркем Алдабергенова 08 февр. 2024 10:26 1642

Алматыдағы лай көшкінінде 17 жастағы бала өлі табылды. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазіргі жағдай апат болған жерлердің бәрін тазартып жатырмыз. 1-2 сағатта апатқа ұшыраған үйді толығымен тазалап, сосын жоғары жақты қалған бір түсіретін жерлер бар. Соған қатысты жұмыстар атқарылатын болады. Кешке дейін комиссия жұмысын атқарады. Қандай қауіп бар, қосымша жерлерді анықтап, тиесілі шешімдерін кешке дейін бәрін сіздерге жеткіземіз", - дейді ол.

Сонымен қатар, аудан әкімі бір адамның мәйіті табылғанын жеткізді.

"Шынымен де, ондай ақпарат бар. Екі бала аудандағы 8-мектепте оқыған болатын. 16 жастағы балалар. Мектеп директоры осында. Бүгін мектепке келмеді. Анасымен, өгей әкесімен. Қазір бір адам табылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғастырып жатыр", - деді әкім.

ТЖМ мәліметінше, Алматы қаласы ТЖД және Республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен алдын ала ақпарат бойынша топырақтың батпақтануына байланысты техногендік сипаттағы жылжыманың түсуі салдарынан ғимараттың зақымдануы себебінен қаза тапқан алдын ала болжам бойынша 2007 жылғы жігіттің денесі табылды.


Рекомендовать
Последние новости