Алматыдағы атыс: Руслан Күлікбаевтың енесі күйеубаласын өлім жазасына кесуді сұрады

Dalanews 20 июл. 2016 04:15 883


Алматыда полицейлерді атып өлтірген лаңкестің енесі Жұмақан Үмбетқұлова күйеубаласын өлім жазасына кесуді сұрады. 






Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

6 адамды жер жастандырған Руслан Күлікбаевтан жақын туыстары да жерініп отыр. Алматы іргесіндегі Ынтымақ ауылында тұратын содырдың ата-енесі күйеубалаларын талайдан бері көрмегендерін айтуда. Лаңкеске күйеуге шыққан қыздарымен де тек телефон арқылы сөйлесіп келген. Сондықтан кешегі оқиға барлық әулетімізде дақ түсірді дейді күйінген ата-ана.

Осыдан екі күн бұрын Алматыда болған оқиғадан есеңгіреп қалған отбасы күйеубаланың әрекетіне күйініп отыр. Он баланың ортасында әкесіз өскен Руслан Күлікбаев жат ағымның жетегінде кеткен дейді ата-енесі. Тіпті, дінге берілгені сонша, әйелін төркіндерімен араластырмапты.
„Жұртқа оқ жаудыратындай қаныпезер екенін білмедік„ деген жақындары енді оған ең қатал жазаға тартуды сұрайды.

Қазір күдікті Руслан Күлікбаевтың кіші ұлы ата-енесінің үйінде тәрбиеленіп жатыр екен.  Төрт жасар баланы туғаннан бері нағашы ата-әжесі бауырына басқан. Ал әйелі Аяулымды құзырлы орындар бүгін Алматыға жеткізіпті. Оны тәртіп сақшылары сұрақ-жауаптың астына алмақшы.

Дереккөз: http://kaz.365info.kz/

 


Рекомендовать
Последние новости