Алматыда жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр

Dalanews 20 июл. 2016 04:27 858

Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған kaz.365info.kz хабарлайды. 

Нақтылай кетсек, дәл қазір тәртіп сақшылары қаладағы Гоголь мен Зенков және Мақатаев пен Абдулин көшелерінің аумағында жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

914277eb600bcd8d06fda94b1d9a15bd-700x525

Белгілі болғандай Гоголь көшесінің жағындағы Көк базар және Қалдаяқов көшесінің бойындағы Интерфуд супермаркетінің аумағы толықтай қоршауға алынған.

c855af9619758ab8d35031ef5a471f19-700x525

– Барлық қала тұрғындарын сабырлық сақтауға шақырамыз. Полицияның барлық талаптарын орындауды сұраймыз. Сонымен қатар, қандай да бір ақпарат таратарда тек ресми мәліметке сүйену қажет. Жалған мәлімет таратпауларыңызды өтінеміз. Жалған мәлімет таратушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады», — дейді бұл ретте қалалық ІІД өкілдері.

fe2772f31f471ae75a8fb5fc8145c5e8-700x525

Суреттер tengrinews.kz сайтынан алынды.

 

Рекомендовать
Последние новости