Ұлттық қауіпсіздік комитеті террористік қылмысқа жауапкершілікті күшейтуді ұсынды

Dalanews 20 июл. 2016 04:38 1842



Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Владимир Жұмақановтың хабарлауынша, экстремистік және террористік қылмыстарға жауапкершілікті күшейтуді қарастыратын заң жобасы дайындалды.






Жұмақанов жаңа жоба туралы үкімет отырысында мәлімдеді. Жиналыс Алматыда 18 шілдедегі шабуылдан қаза болғандарды бір минут үнсіз еске алумен басталды.

Үкімет отырысында шабуылдан қаза болғандар саны алтыға жеткені айтылды. Алматы орталығындағы атыс барысында жараланған полиция қызметкері сейсенбі күні ауруханада жан тапсырды. Бұған дейін дүйсенбідегі атыстан үш полиция қызметкерінің қаза болғаны хабарланған еді.
ҰҚК төрағасының айтуынша, үкімет қарауына ұсынылған түзетулер экстремизм және терроризм үшін жазаға мүлікті тәркілеуді міндетті шара ретінде енгізуді қарастырады. Осы түзетуде террорлық шабуылдардан қорғануға дайын емес ұйымдардың жұмысын тиісті заң талаптарын орындағанша тоқтатуды қарастырады, деп түсіндірді Жұмақанов.

Астанада өткен үкімет отырысында Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов өзі басқаратын мекеменің шетелдегі әскери іс-қимылдарға қатысқандарды азаматтықтан шығару туралы заң жобасын дайындап жатқанын мәлімдеді.



Рекомендовать
Последние новости