Алматыда полицияға шабуылдаған қылмыстық топты құрықтау операциясы жүріп жатыр (видео)

Dalanews 18 июл. 2016 06:25 784

Алматыда құқық қорғау органы өкілдері Абылай хан, Панфилов, Төле би және Гоголь көшелері аумағында арнайы операция жүргізіліп жатыр.

365info.kz тілшісінің хабарлауынша, күш құрылымы бұл ауданды оқшаулап тастаған. Ол аумақта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Нұр Отан партиясының ғимараттары орналасқан.

Кейбір деректер бойынша, бір топ адам көліктің терезесінен автоматтарын шығарып, полиция қызметкерлеріне шабуылдаған. Әзірге екі жаралы және бір қаза тапқан полиция қызметкері туралы мәлімет бар.

Полицияның келтірген дерегіне сүйенсек, қолында қаруы бар тағы бір ер адам Сейфуллина — Әйтеке би көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлердің ауласында жүр.

„Астана„ алаңы паркіне полиция, арнайы қызмет, Ұлттық қауіпсіздік қызмет қызметкерлері мен саперлер тартылған. Арнайы операция жүргізіліп жатыр. Абылай хан көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды, бағдаршамдар сөндірілген.

Кем дегенде екі полиция қызметкері көз жұмған. Бес адам зардап шеккен.

Рекомендовать
Последние новости