Алматыда ер адам автоматпен полиция басқармасына шабуылдады

Dalanews 18 июл. 2016 06:21 777



Алматыда Алмалы ауданының ішкі істер басқармасы маңында атылған оқтың дауысы естіліп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, автоматтан оқ атылған, екі полиция қызметкері жарақаттанған.




Куәгерлер Алматы қаласының аудандық полиция басқармасы орналасқан Никольский базары маңында автоматтан оқ атқан адамды көрген деп хабарлайды kaz.365info.kz.


Бірнеше рет автоматтан оқ атылған. Гоголь мен Сейфуллин көшелері бойынан полиция мен жедел жәрдем көліктерінің дабылы естіледі.

Куәгерлер әлеуметтік желіде Байтұрсынов көшесі бойында қолында автоматы бар бір ер адамның жүргенін жазады.

13639563_10210310212298017_1487681121_o-700x525 tengri2-700x394


Рекомендовать
Последние новости