Алматыда 2023 жылы салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша жоспар асыра орындалды

Қаракөз Амантай 13 июн. 2024 17:52 3736

Алматының жергілікті бюджеті алғаш рет 2023 жылы цифрландырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өткен жылы Алматының жергілікті бюджетіндегі түсімдер 1,6 трлн теңгеден асты, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 17% - ға артық. Бұл туралы Алматы Мәслихатының кезекті сессиясында Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов қаланың 2023 жылғы жергілікті бюджетінің атқарылуына оң баға беріп, хабарлады.х

Салық түсімдерінен түскен кірістер 313,3 млрд теңгеге жоспарлы көрсеткішті асыра орындаумен 1,4 трлн теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы салық түсімдері бойынша көрсеткіштен 30% - ға артық, деп атап өтті А.Бердіқұлов.

Оның айтуынша, 2023 жылы салықтық емес түсімдер 28,5 млрд теңгені құрады. Жоспарды асыра орындау 82% немесе 12,8 млрд теңгені құрады.

"2023 жылы Тексеру комиссиясы Алматы әкімдігімен бірлесіп алғаш рет жергілікті бюджет нақтыланды және цифрландырылды. Кірістер мен шығыстар жинақталды, бюджет көздер бойынша сегменттелді, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, түрлеріне қарай бөлінді. 2023 жылға арналған бюджеттік жоспарлау бойынша құрылған цифрландырылған база 2024 жылдар бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша тарихи және болжамды деректерге орталықтандыру арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл түзетулер мен нақтылауларды ескере отырып, бюджеттің атқарылу барысына алдын ала бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді", - деді А.Бердіқұлов.

Тексеру комиссиясының төрағасы Алматының бюджеті әлеуметтік бағдарланғанын және халықтың әл-ауқатына, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости