Алматы облысында жоғалған үш азаматтың қайтыс болғаны хабарланды (видео)

Dalanews 24 сент. 2016 13:00 853

Алматы облысында таяуда мал сатуға кеткен үш адамның мәйіті табылды, — деп хабарлайдыTengrinews.kz өңірлік ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ал БАҚ-тарда полицейлердің қаралы хабарды туыстарына естірткені түсірілген видео жария болды.

https://www.youtube.com/watch?v=3UfGv_8Ym-A

https://www.youtube.com/watch?v=7QqeL_gKjtQ

Еске салайық, 1979 жылғы Долданұлы Жарқынбек, 1973 жылғы Зарлыханұлы Мұқият пен Әлімхан Қадылбек есімді жігіттер Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан 40 бас мал сатып алып, оны екі жүк көлігімен 17 қыркүйек, сенбі күні, Алматы маңындағы Ұзынағаш базарына шығарған.

Содан бері туыстары ол азаматтардың еш хабарын біле алмай, іздеу салған болатын. Кеше жоғалған азаматтар мал тиеп кеткен екі көліктің және жоғалған жігіттер базарға алып шыққан 40 бас ірі қараның 35 басы табылғаны туралы жазылған болатын.

Рекомендовать
Последние новости