Алматы облысында табылған үш кісінің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Dalanews 24 сент. 2016 16:07 768

Алматы облысында табылған үш кісінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды. Мал саудасымен айналысатын Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Қадылбек Әлімхан есімді азаматтарды белгісіз біреулер Ұзынағаш ауылынан 200 шақырым жерге апарып, көміп кеткен, — деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Айта кетейік, үш азаматты іздеуші топ Жамбыл аудандық ІІБ алдында жиналған кезде полицейлер бұл хабарды марқұмдардың туыстарына естіркен. «Бүгін таңертең бірнеше жүз адам аудандық полиция бөліміне жиналдық, содан түске қарай полиция басшылары олардың сүйектерін осыдан 200 шақырымдай жерден тапқандарын естіртті», — деді марқұмдардың туысы Адал Зарлыхан.
Марқұмдардың әрқайсысының артында екіден, үштен жас балалары, қарт ата-аналары қалған. Бұған дейін аталған оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі адамның ұсталғаны туралы Алматы облыстық ІІД өкілдері хабарлаған еді.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Ал кеше олардың екінші жүк көлігі табылған болатын. Жамбыл ауданына қарасты Дегерес ауылының маңынан екінші жүк көлігі табылды.

b2438cc20c2863bd855d1abd1958cd16-1 ba9501919471deab289d5e61bd3bde5e-700x525

Рекомендовать
Последние новости