Қостанайда 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап жылумен жабдықтау тарифтері өзгереді, деп хабарлайды Dala news.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің 27 ақпандағы №26-ОД бұйрығына сәйкес, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне жаңа тарифтер бекітілді.
Жарияланған мәліметке сәйкес, қосылған құн салығын қоса есептегендегі орташа тариф:
•бюджеттік ұйымдар үшін – 58 075,26 теңге/Гкал (өсім 16,6%);
•өзге тұтынушылар үшін – 21 678,46 теңге/Гкал;
•халық үшін – 5 438,87 теңге/Гкал.
Сондай-ақ жылу энергиясын есептеу құралдары бар және жоқ тұтынушылар үшін сараланған тарифтер бекітілген.
Толық ақпарат уәкілетті орган мен кәсіпорынның ресми сайтында жарияланған.
