Алматы облысында газ, ауыз сумен қамтуда қарқынды жұмыстар атқарылуда

Dalanews 27 мая 2021 17:40 902

Өткен жылы Алматы облысы тұрғындарының 59%-іне, яғни 1,2 миллион адамның газға қосылу мүмкіндігіне ие болды туғызылды. Биылғы жылы тағы 23 елді мекенде осындай жағдай жасалып, көрсеткіш 61%-ке жетеді. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысының айтуынша, әзірге көгілдір отын жеткізілмеген бес аудан қалды: «Осы аудандарды газдандыру үшін «Талдықорған – Үшарал», «Шелек – Кеген» магистралды газ құбыры құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын аяқтаймыз. Құрылыс жұмыстары келесі жылдан басталады» деді А. Баталов.

Сол сияқты спикер орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі республика бойынша алдыңғы қатарда екенін тілге тиек етті, яғни 98,3%, бұл 678 елді мекен қамтылды деген сөз. Биылғы жылы 7 ауылға су құбырын жүргізу есебінен бұл көрсеткіш 99,5% жеткізіледі, сол сияқты 11 ауылда ауыз су сапасы жақсартылады.

Баяндамашының сөзіне сүйенсек, жылдан жылға жол сапасы да жақсарып келеді, қазіргі кезде жақсы және қанағаттарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы жолдардың үлесі –  84%. Биылғы жылы 385 елді мекенде облыстық маңыздағы және ауылішілік 332 км жол жөнделеді, оған 33 млрд. теңге бөлінді.

Рекомендовать
Последние новости