Алматы облысында 3 жыл ішінде 62 мектеп салынады

Dalanews 24 авг. 2022 08:43 867

Алматы облысы тұрғындар тығыз орналасатын өңір. Мұндағы демографиялық өсім мен ішкі миграцияға байланысты жыл сайын оқушылар саны артып келеді. Сондықтан да, аймақта үш ауысымды мектеп санын азайту әлі күнге күн тәртібінен түскен емес. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тамыз кеңсінде айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы арнайы қатысқан жиында облыс басшысы өңірдегі 54 білім ұясының үш ауысымда жұмыс жасап тұрғанын бүкпесіз мәлімдеді.

– Алматы облысындағы мектептерде 23 273 оқушы орны тапшылығы бар. Бүгінде үш ауысымда білім беру мен оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында 2022-2025 жылдар аралығында 62 мектептің құрылысын салу  жоспарлап отырмыз. Биыл 20 білім беру нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Оған 39,0 млрд теңге бөлінген, – деді Марат Елеусізұлы.


Айта кетейік,  биыл 12 білім беру нысанынын қолданысқа беру көзделген, оның ішінде 8 мектеп  үш ауысымда оқытуды жою үшін салынуда, 8 мектептің құрылысы 2023 жылы аяқталады.

 

Рекомендовать
Последние новости