Алматы мен Алматы облысында жалған полицейлер ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тергеу мәліметінше, қаскөйлер өздерін тәртіп сақшылары ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, жергілікті тұрғынның қолма-қол ақшасы мен көлігін иемденген.
Келтірілген шығын сомасы 12 миллион теңгеден асып кеткен.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы қаласы мен Алматы облысында алты адам ұсталды. Тінту кезінде жалған қызметтік куәліктер, процессуалдық құжат бланкілері, нысанды киім элементтері, оқ-дәрілер, мөрлер, суық қарулар, сондай-ақ, түрлі елдерден келген мемлекеттік нөмір белгілері тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.