Алматы ауруханасында ВИЧ жұқтыру дерегі: Бірнеше қызметкер жазаға кесілді

Қаракөз Амантай 23 февр. 2024 10:20 2365

Алматының орталық клиникалық ауруханасында пациенттердің АИТВ (ВИЧ) жұқтыру дерегі бойынша тергеу аяқталды. Бас дәрігер мен оның ауруханадағы эпидемиологиялық жағдайға жауапты орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz КТК арнасына сілтеп.

Ал ота жасау кезінде стандартың сақталуын қадағаламаған екі мейірбикеге тәртіптік жаза қолданыпты. Тексеріс қорытындысы құзырлы органдарға жолданған.

"Былтыр шілде айында Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада үш пациенттің ВИЧ жұқтырғаны анықталды. Тексеру жүргізген комиссия бұл сұмдық жағдай орта медперсоналдың инвазивті манипуляция жүргізу кезінде операциялық процедура стандарттарын бұзуымен және олардың қызметіне бақылау болмауымен байланысты деген қорытындыға келді", - дейді денсаулық сақтау министрлігі, санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов.

Қазір АИТВ инфекция жұқтырған үш пациент СПИД орталықта диспансерлік есепте тұр. Сондай-ақ жеке емдеу схемасы бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілген. Оларға жергілікті бюджет есебінен барлық қажет медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости