Алматы әкімдігі Сағынтаевтың жұмысынан шикілік тапты

Dalanews 24 мар. 2022 05:37 711

Алматы қаласы әкімдігі мен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Алматы қала жарық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын коммуналдық меншікке қайтару үшін бірлесіп жұмыс жүргізген, деп хабарлайды Dalanews.kz. Бұл жөнінде әкімдіктің сайтында жазылған.

Компания қаланың сыртқы жарықтандыру жүйесін автоматтандыру және орталықтандыру бойынша бақылауға жауапты.

2021 жылдың желтоқсан айының соңында сол кезде Алматы қаласының әкімі болып тұрған Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен "Алматы қала жарық"  МКК тендер арқылы жүзеге асырылған. Нәтижесінде "ABM Group.com" ЖШС жеңімпаз атанып, келіссөздер сомасы 4,6 млрд теңгені құраған. Ал болжамды құны 14,8 млрд теңге деп есептелген.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ұйымның қаладағы сыртқы жарықтандыру жүйелерін автоматтандырылған әрі орталықтандырылған басқару қызметтерін көрсету нарығында монополиялық жағдайға ие екенін анықтады.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңының нормаларына сәйкес үстем немесе монополиялық жағдайды иеленетін нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау ел үкіметінің құзыретіне жатады.

Осылайша, Алматы әкімдігінің "Алматы қала жарығын" жекешелендіру туралы қаулысы мемлекеттік мүлік туралы заңнама нормаларына қайшы келеді және бәсекелестікті шектейді


, – делінген әкімдік мәлімдемесінде.

Қазіргі қала билігінің пікірінше, "Алматы қала жарығын" жекешелендіру стратегиялық мемлекеттік кәсіпорынды жоғалтуға әкеп соғуы мүмкін. Сол себепті Алматы әкімдігі компанияны жекешелендіру туралы шешімнің күшін жою шараларын қолға алуда.

Рекомендовать
Последние новости