ҚазҰУ бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады.
ҚазҰУ – QS Stars Rating System халықаралық рейтингінде «Бес жұлдыз» марапатын алған Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны. Сондай-ақ QS by Subject пәндік рейтингінде университет төрт пән саласы мен 16 дайындық бағыты бойынша үздіктер қатарына кіреді. Университеттің 137 білім беру бағдарламасының халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейді. Бұл университет ұжымының көпжылғы және күнделікті тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Ғылыми әлеуетті дамыту – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтың бірі. Елбасының отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының алдына ғылыми әлеуетті арттыру мәселесін қойып отыр. ҚазҰУ – сапалы білім берумен қатар, іргелі ғылымды дамытуға да үлкен үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орны.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті осы рейтингіде табысты жоғарылау факторлары кең ауқымды құрылымдық модернизация, соңғы бес жыл ішінде 40 пайызға өскен бірегей инфрақұрылымның қарқынды дамуы, сонымен бірге ҚазҰУ медицина – биологиялық және инновациялық ІТ кластерін қалыптастыру бойынша жұмыс жасауы, оның негізін жаңа суперкомпьютер құрауы және халықаралық жобалары болып табылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып келе жатқан оқу орны, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған заманауи білім ордасы. Біздің Қазақ ұлттық университетіміз алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берсін, табысы арта берсін деп тілейміз!
Заң факультетінің 1 курс магистранты Темирхан Аружан
Жетекшілері: з.ғ.к., профессор – Атаханова Г.М.
з.ғ.к., доцент – Бисенова М.Қ.