Air Astana 5 жасар қыздың өлімінен кейін 5 млн теңге өтемақы төлейтін болды

Көркем Алдабергенова 13 мая 2025 16:20 302

Air Astana әуе компаниясы 5 жасар Инсаф есімді қыздың ата-анасына 5 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Бұл жөнінде Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Арыз Air Astana мен әуежайға қарсы берілгенімен, жауапкершілік тек әуе компаниясына жүктелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты ауыр хәлдегі баланы тасымалдау кезінде заңбұзушылықтар орын алғанын растады. Іс материалдарына сәйкес, Алматыға рейс келген соң, комада жатқан, өздігінен қозғала алмайтын қызды инвалидтерге арналған арбамен тасымалдау ұсынылған, бұл әрекет медициналық талаптарға сай келмеген.

Қыздың ата-анасы алдын ала дәрігері бар жеке реанимобиль шақырған. Алайда әуежай әкімшілігі бұл көлікті өткізуге рұқсат бермеген.

Инсафты амбулифт арқылы тасымалдаған — бұл құрал мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналғанымен, ауыр халдегі науқастарды тасымалдауға бейімделмеген.

Нейрохирург маманның қорытындысына сәйкес, қыз өздігінен қозғала алмайтындықтан, шекаралық бақылаудан медициналық бөлім арқылы өтуі тиіс еді. Алайда сот деректерінде көрсетілгендей, шекара бақылауында Инсафтың көзіндегі таңғыш күштеп шешіліп, суретке түсірілген. Бір айдан кейін қыз көз жұмды.

Сот бұл жағдайға қатысты: авиакомпания мен әуежай арасындағы үйлестірудің болмауы, соның ішінде шекаралық және кедендік бақылаудағы немқұрайдылық Инсафтың денсаулығының күрт нашарлауына әсер етті деген қорытындыға келді.

Бұл оқиғаға қатысты "Курсив" басылымы бұған дейін екі тараптың жауапкершілікті бір-біріне жүктегенін жазған болатын. Алматы әуежайы Air Astana медициналық жағдайдағы жолаушы туралы алдын ала ескертпеді десе, әуе компаниясы керісінше, ескерткенін, бірақ сонда да арбаның ұсынылғанын мәлімдеген.


Рекомендовать
Последние новости