90-жылдық тарихы бар қара шаңырақ ҚазҰУ

Dalanews 16 нояб. 2023 07:22 1267

 1934 жылы еліміздің алдыңғы қатарлы университеті, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде.

ҚазҰУ – №1 университет! Он жылдан астам уақыт бойы академиялық рейтинг және халықаралық обсерватория (IREG) сарапшылары мақұлдаған ұлттық рейтингте көшбасшы орынға ие болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ның, сондай-ақ сарапшылар мен жұмыс берушілердің ғылыми-білім беру қызметінің кең спектрін көрсететін барлық параметрлер бойынша жоғары баға алды. Ғылым мен білімді ұштастырған оқу ордасы қазіргі таңда әлем бойынша алдыңғы қатарлы университеттер тізімінде.Күннен-күнге қарыштап дамыған білім саласынан қара шаңырақ кенде емес,оқытушылар әрдайым ізденіс үстінде.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – еліміздегі тарихы терең, ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны және QS WUR бойынша әлемнің ең үздік 200 университетінің тобына кіреді. QS WUR жаһандық рейтингінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 230-орынға ие болды. Халық­аралық деңгейдегі рейтингте жоғарғы көрсеткіш үлкен жетістік. Университеттің дамуына сүбелі үлес қосып, еңбек еткен оқытушы-профессорлар құрамы, ғалымдар екенін айтып өткім келеді.Бұл-біздің ортақ жеңісіміз деп есептеймін.Әлемнің үздік университеттерімен бір қатарға орналасқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, Орталық Азия мен ТМД елдерінде өзінің көшбасшылық позициясын дәлелдеді.Сонымен қатар, ҚазҰУ – QS Stars Rating System халықаралық рейтингінде «Бес жұлдыз» марапатын алған Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны. Сондай-ақ QS by Subject пәндік рейтингінде университет төрт пән саласы мен 16 дайындық бағыты бойынша үздіктер қатарына кіреді.   Сондай-ақ, ҚазҰУ қалашығының тағы бір ерекшелігі — Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы. Мұнда Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, көркемөнер үйірмелері, «Біз» студенттер театры бар.
Университетте лайықты дәрежеде білім алуға тырысатын әр студент үшін керемет мүмкіндіктер жасалған. Университет Қазақстандағы ең үлкен және ең бай кітапханалардың біріне ие. Әбу Насыр Әл-Фараби музейікітапхананың әрбір қонағы үшін ашық. Қазақ ұлттық университеті өзінің жас ғалымдарына жайлы жатақханалар ұсынатын студенттер қалашығы болып саналады. Университет 5000-нан астам студент тұратын 14 үлкен жатақхананы ұсынады.Қазақстандағы ең үздік деген оқытушылардан заманауи және сапалы білім алғысы келетін, болашақта сұранысқа ие мамандық иегерлері болғысы   келетін талапты жастарды қара шаңырақ әрдайым күтеді.

 

Бисенова М.Қ

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті  қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы

 

Тоқан С.М

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің магистранты

 

Рекомендовать
Последние новости