«Ұлттық құндылық-қайырымды қоғам» атты семинар-практикумы өз мәресіне жетті

Dalanews 20 нояб. 2023 07:22 1283

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығы ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылық-қайырымды қоғам» атты семинар-практикумы өтті.

Іс-шараның мақсаты:

  • ұлттық құндылықтарды іске асыру шеңберінде жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру, білімді кеңейту;

  • ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау арқылы – қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және рухын көтеру;

  • ұлттың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қолдау мен дамыту;


Ұлтымыздың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халықтың мүддесі мен мұқтажын жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деген.

Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары.

Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы –  тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Сондықтан әсіресе қазіргі жаһандану кезеңінде оны сақтап қалу, ұрпақ бойына сіңірудің маңызы зор. Өйткені, бүгінгі ұрпақ бойына «ұлттық код» ұғымын қаншалықты терең сіңірсек – ол біздің ертеңгі ұлт болып қалуымыздың кепілі.

Сондықтан да кешеден бүгінге сол құндылықтарымыз  қалай жетті, ертеңгі күнге жеткізе аламыз ба? -, деген сұраққа жауап алуымыз керек. Рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, жастарды тәрбиелеудегі заманауи үдерістерді қалыптастыруға бағытталған идеологиялық бағдарламаларды түсіндіру.

Семинарға мемлекеттік қызметкерлер (қала және аудан әкімдіктері  мамандары), Жоғары оқу орындарының, колледждердің,  мектептердің, кітапханалардың және музейлердің қызметкерлері қатысуы қарастырылған. Сонымен қатар, іс-шара барысында тәжірибелік жұмыстар, тақырыптық ой бөлісу жүргізіліп, сертификаттар табысталады

Рекомендовать
Последние новости