Синоптиктер 31 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
31 қазанда түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында 2 градус үсік күтіледі. Талдықорған қ.: 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 2 градус үсік күтіледі.
31 қазанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
31 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 31 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
31 қазанда Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
31 қазанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
31 қазанда Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
31 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
31 қазанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 31 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
31 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
31 қазанда Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 31 қазанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
31 қазанда күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, тау асуларында 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 31 қазанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 31 қазанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
31 қазанда Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
31 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
31 қазанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 31 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
31 қазанда түнде және таңертен Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
31 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ. 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
 
                         
                     
                                     
                                    