"Қайраттың" Миландағы ойынына билет бағасы 3000 теңге тұрады

Сағыныш Сардарова 29 окт. 2025 15:20

6 қарашада Миланда Чемпиондар лигасының төртінші турында "Интер" мен алматылық "Қайрат" кездеседі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Италиялық клуб билет сатылымы ашылғанын хабарлады. Ең төменгі баға - 5 еуро немесе шамамен 3100 теңге. Бұл Алматыда өткен "Қайрат" – "Пафос" матчындағы ең арзан билеттерден он есе төмен. Сондай-ақ, 8, 10 және 14 еуроға сатылатын орындар бар.

Ең қымбат билет 349 еуро (217 мың теңге) тұрады. Ал Алматыда өткен кейінгі ойындарда билеттердің бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін жеткен еді.

Айта кетейік, бұған дейін "Қайрат" Чемпиондар лигасында мадридтік "Реалмен" және кипрлік "Пафоспен" кездескен болатын.


Рекомендовать
Последние новости