“Осы жеңісімді бұрынғы КСРО елдеріне арнаймын”: Қуат Хамитовтің мәлімдемесі

Көркем Алдабергенова 29 окт. 2025 09:47

Аралас жекпе-жек өнерінің шебері Қуат Хамитовтің видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Видеода Хамитов жекпе-жектен кейінгі жеңісінен соң қазақстандықтарды тәуелсіздігімен құттықтап, жеңісін патриоттарға және бұрынғы КСРО елдеріне арнайтынын айтқан. 

"Бұрынғы КСРО елдеріне айтарым, бейбіт өмір сүрейік. Себебі аталарымыз бір нан мен қаруды бөлісіп, майданға қатысқан. Ортақ жеңіске жеткен. Қазір солардың ұрпағы ұлтқа, елге, тілге бөлінбеуіміз керек. Мен бірігіп, бейбіт өмір сүрсек деймін", - дейді Хамитов. 

Спортшының бұл видеосы қызу талқыға түсті. 

"ҚУАТ БАУЫРЫМЫЗ ҚУАДЫ ЕКЕН, сәл-сәл. Қайдағы "бывший союз", "диды воевали", "общая победа", "объединимся"? Не деп отыр? Осы спортшылар сөйлеген кезде қорқатын болдық қой қатты. Осыларға неге айтпайды ешкім саясатқа байланысты ештеме айтпай-ақ қойыңдаршы деп?", - дейді Facebook қолданушысы Руслан Тусупбеков. 

"Соққы алған, басына қатты соққы алған", - дейді тағы бір қазақстандық Жандос Өстемір. 

"Путиншіл, орысқұл ғой. Инстаграмдағы пікірлерін оқысаңыз, Зеленский мен Трамп, басқа да Еуропа президенттерін жамандап отырады", - дейді Данияр Теңдібай. 


Рекомендовать
Последние новости