Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алда елдің басым бөлігінде жылы ауа райы сақталады. Тек кейбір күндері елдің солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы жерлерде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жауын-шашын жауып, жел күшейеді.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
"Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +10…+20 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта +5…+17 градусқа дейін, ал оңтүстікте +15…+23 градусқа дейін көтеріледі", - деп мәлімдеді Қазгидромет.
