Синоптиктер ел аумағында алдағы күндері ауа райы жылына бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Елордада алдағы үш күнде күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. 18 наурызға қараған түні ауа температурасы -7…-9 градус шамасында болса, күндіз +3…+5 градусқа дейін көтеріледі. 19 наурызда да айтарлықтай өзгеріс болмайды. Түнде -5…-7, күндіз +3…+5 градус. Ал 20 наурызда күн жылып, түнгі температура -2…-4 градусқа дейін жұмсарады, күндіз +5…+7 градусқа дейін көтеріледі. Кейбір аумақтарда тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Ал Алматыда 18 наурыз күні түнде +1…+3 градус болса, күндіз ауа +11…+13 градусқа дейін жылиды. 19 наурызда күндізгі температура +13…+15 градусқа жетеді. 20 наурызда жылы ауа райы сақталып, +14…+16 градусқа дейін көтеріледі. Таңертеңгі уақытта тұман болуы мүмкін.
