Израиль Иранның барлау министрі қаза тапқанын мәлімдеді

Көркем Алдабергенова 18 мар. 2026 16:21

Израиль Иранның барлау министрі Эсмаил Хатибтің қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Израиль тарапының айтуынша, ол Тегеранға жасалған нысаналы әуе соққысы кезінде өлтірілген. Әзірге Иран билігі бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Израиль қорғаныс армиясының мәліметінше, соққы ЦАХАЛ барлау деректері негізінде сәрсенбіге қараған түні жасалған. Бұл ақпаратты Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац та растаған.

Эсмаил Хатиб Иранның барлау министрі қызметіне 2021 жылы тағайындалған. БАҚ оны Иранның жаңа жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеиге ең жақын тұлғалардың бірі деп атап жүр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove