Су тасқыны мен басқа да төтенше жағдайларда спутниктік технологияны қолдану ұсынылды

Көркем Алдабергенова 18 мар. 2026 17:54

Депутат Олжас Нұралдинов су тасқыны мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде спутниктік технологияларды пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол депутаттық сауалында гидрологиялық қызметтердің болжамына сәйкес, биыл елдің бірқатар өңірінде су тасқыны қаупі жоғары екенін айтты. Оның ішінде Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Абай облысы бар.

"Елімізде жыл сайын байланыстың тұрақсыздығы адамдарды құтқару жұмысын күрделендіретін жағдайлар болып тұрады. Қыс мезгілінде боран мен бұрқасынға байланысты жүздеген шақырым жол жабылып, адамдар елді мекендерден және ұялы байланыс тұрақты ұстайтын аймақтардан шалғай жерде қалып қояды. Жол апатынан кейін жүргізушілер мен жолаушылар жедел жәрдемді немесе полицияны дер кезінде шақыра алмайтын жағдайлар да аз емес. «Ақ жол» демократиялық партиясы шалғай және жетуі қиын аумақтарда спутниктік байланыс технологияларын қолдану қажеттігін бірнеше рет көтерген еді", – деді депутат.

Оның айтуынша, бүгінде Direct-to-Cell деп аталатын жаңа технология бар. Бұл жүйе қарапайым 4G/LTE смартфондарына қосымша құрылғысыз-ақ төмен орбиталы спутниктерге тікелей қосылуға мүмкіндік береді. Соның арқасында хабарлама жіберуге, координаттарды жолдауға және көмек туралы белгі беруге болады.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove