2025 жылы Қазақстандағы көші-қон: елге келушілер саны айтарлықтай қысқарды

Қаракөз Амантай 10 февр. 2026 09:45

2025 жылы Қазақстанға келгендер саны 20,7%-ға, ал елден кеткендер саны 40,5%-ға қысқарды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айлары аралығында елге 23 761 адам келген. Осы кезеңде Қазақстаннан кеткендер саны 7 608 адамды құрады. Нәтижесінде көші-қон сальдосы 16 153 адам деңгейінде қалыптасты.

Көші-қон ағынының басым бөлігі ТМД елдеріне тиесілі: келгендердің 81,8%-ы және кеткендердің 71,8%-ы осы елдердің үлесінде.

Сонымен қатар ел ішіндегі көші-қон белсенділігі артқан. 2024 жылмен салыстырғанда ішкі көші-қон көлемі 13,6%-ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша халық санының оң сальдосы төрт өңірде қалыптасты: Астана қаласы – 87 459 адам, Алматы қаласы – 12 110 адам, Шымкент – 15 130 адам және Алматы облысы – 33 126 адам.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove