16 жастағы жасөспірім есірткі жарнамалағаны үшін алты жылға дейін сотталуы мүмкін

Сағыныш Сардарова 30 окт. 2024 14:30 2624

16 жастағы шымкенттік есірткі жарнамалағаны үшін алты жылға дейін сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жасөспірімді жедел уәкілдер қылмыс үстінде ұстады. Оның заңға қайшы жұмысты интернеттен тапқаны және маусым айынан бері мегаполис аумағында есірткі заттарын жарнамалаумен айналысқаны анықталды.

Шымкент тұрғынынан өзі дайындаған жарнамалық жазулары бар парақшалар тәркіленді.

Полиция есірткіні насихаттау және жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеді.

Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


Рекомендовать
Последние новости