«10 игі іс». Елордада еріктілері аязды күндері тұрғындарға көмек қолын созуда

Dalanews 12 дек. 2023 11:20 971

Аяз кәріне мініп, ауа райының күрт нашарлауына байланысты елордалық еріктілер қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ таратты. Олар аялдама кешендерін аралап, кондукторларға, жүргізушілер мен жолаушыларға тәтті-дәмділер ұсынды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін қайырымдылық жасау.

Мәселен, аязды күндері еріктілер өтіп бара жатқан адамдарға ыстық шай мен бауырсақ ұсынды.

– Қазір қалада аяз күшейіп тұр. Мектептердегі сабақтар тоқтатылды. Осындай игі әрекеттермен біз айналамызда жылы, достық қарым-қатынас орнатамыз, жастарға қайырымдылықты насихаттаймыз. Акция қыс бойы өткізілетін болады. Біз барлығын қосылуға және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шақырамыз, – деді Айзат Әли.



Еріктілер сонымен қатар автокөлік иелерін кішкентай балалары бар әйелдерді тегін тасымалдауға шақырды.

Қала тұрғындары эстафетаға қосыла алады және ізгілік акциясы аясында өз аккаунттарында #Мейірімболуәдет, #Мейірімділікөмір #сәнқой мейірімді хэштегімен ақпарат немесе видео жариялай алады.

 

Рекомендовать
Последние новости