Астана мешіттері еріктілердің «10 игі іс» акциясына қосылды

Dalanews 13 дек. 2023 11:23 888

Елорданың мешіттер қаланың еріктілері ұйымдастырған «10 игі іс» акциясын қолдап, адамдарды тегін тасымалдап, коммуналдық қызмет мамандарын ыстық түскі аспен қамтамасыз етуге қолдау көрсетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары бастау алған болатын. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

– Мұндай акцияларды өткен жылдары да ұйымдастырғанбыз. Астананың аязды күндерінде азаматтарымызға көмек қолын созғымыз келеді. Өзге жүргізушілерді акцияға қосылуға және тұрғындарға көмектесуге шақырамыз, – деп атап өтті Астананың бас имамы Ерболат Жүсіпов.



Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елордалық еріктілер тұрғындарға ыстық шай мен бауырсақ тарату акциясын бастаған болатын. Олар аялдама кешендерін аралап, автобус салондарында кондукторларға, жүргізушілерге және жолаушыларға ыстық шай мен бауырсақ таратқан.


Қала тұрғындары эстафетаға қолдау көрсете алады, сол сияқты ізгілік акциясы аясында өз аккаунттарында #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегімен ақпараттар немесе видеолар жариялай алады.

Бұл күндері Астанада саршұнақ аяз орнап тұр. Ауа температурасы –30 градусты көрсетуде. Қала тұрғындары мен қонақтары абай болғаны, жарақат алып, үсік шалмас үшін көшеде ұзақ уақыт жүрмегені жөн.


Рекомендовать
Последние новости