Даниал Ахметов: «Бүгінгі мереке – халықтың Президентке деген ықыласының айқын көрінісі»

Dalanews 01 желт. 2016 10:46 273

Биыл Шығыс Қазақстан облысында Президент күніне орай 300-ден астам арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгін салтанатты концерттік бағдарлама аясында шығысқазақстандықтар Елбасының тәуелсіз елімізді өркендетіп, Қазақстанның қарыштап дамуындағы еңбегін ашып көрсетті.

Өнерпаздар көрермендерге Елбасының Қазақстан Республикасының қарыштап дамуындағы еңбегін көрсететін қойылым тарту етті.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі іс-шараға қатысушыларды мейраммен құттықтап:

– Бүгінгі мереке – халқын аңсаған арманына жеткізіп, дербес мемлекет құрған біртуар перзентіне деген ұлтының ыстық ықыласы. Ерен еңбек, салихалы саясатымен тарихи қысқа уақытта Қазақстанды дүние жүзіне танытқан кемеңгер Елбасымызға деген халқының ақ ниеті. Қазақстан, Тәуелсіздік, Президент Нұрсұлтан Назарбаев  бір-бірінен ажырамас ұғымдар, – деді.

dalanews-danial_ahmetov01

Тамаша концерттік бағдарлама облыс өнерпаздарының өнер көрсетуімен жалғасын тапты. Шығысқазақстандықтарды құттықтау үшін «Астана Опера» театрының солистері Альфия Каримова мен Медет Чотобаев келді.

Жалпы, мерекеге орай өңірде 300-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылған. Бүгін облыстық кітапханада Қазақстан Республикасы Президентінің оқу залы және Қазақстан Халқы Ассамблеясының мұражайы ашылды.

Сондай-ақ, аймақта Президенті күніне орай  Елбасы кітапханасының оқу залының ашылу салтанаты өтті. Айта кету керек, бұл зал  Қазақстандағы бірінші аймақтық оқу залы.

dalanews-danial_ahmetov02Заманауи оқу залына Елбасы кітапханасының жеке мұрағатынан жәдігерлер мен кітаптар қойылған. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент кітапханасы арқылы оқу залы әлемдік баспалардың лицензиялық дерекқорларына шығуға болады.

– ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының алғашқы аймақтық оқу залының Шығыс қазақстанда ашылуы кездейсоқтық емес. Аймағымыз әр сала бойынша жоғары көрсеткіштерге жетіп, республикалық деңгейде алдыңғы орынан көрінуде. Аталған залдың ашылуына қолдау білдірген азаматтар мен кәсіпорындарға алғысымды білдіремін, – деді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Алдағы уақытта интерактивті тақта және замауи техникамен жабдықталған оқу залының бөлімінде оқырмандарға арналған түрлі онлайн режимде семинарлар өткізілмек.

"ҚмД" ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x