Семейде Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Бұл шараға аймақ басшысы Берік Уәли, ардагерлер, құқық қорғау органдары мен әскери бөлімдердің өкілдері, «Жас Ұлан» әскери мектебінің курсанттары қатысты.
Шара барысында Даңқ гирляндасы мен гүл себеттері қойылып, майдан даласында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мемлекеттік Ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.
Облыс әкімі Жеңіс саябағында мерекеге орай дайындалған көрмені тамашалап, ардагерлермен бірге майдан ботқасынан дәм татты.
Мерекелік шара аясында жұртшылық назарына «Жеңіс күні» атты концерттік бағдарлама ұсынылды.