Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысының жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі хатшылығының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Ол 2023 жылғы 1 қыркүйекте Президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған еді.